Азамат Дәулетбеков Поддубный лигасында жеңімпаз атанды

1 380

Қазақстандық еркін күрес шебері Азамат Дәулетбеков Poddubny Wrestling League турнирінің жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.


Азияның екі дүркін чемпионы қазақстандық Азамат Дәулетбеков 86 кг салмақта ресейлік Арслан Багаевпен белдесіп, жеңіп шықты.


Poddubny Wrestling League / Поддубныйдың күрес лигасы – әлемнің ең мықты деген спортшылары қатысатын және рекордты сыйлық қоры бар кәсіби балуандар лигасы. Танымал жарыста 72 кг салмақта Қазақстан намысын әлем чемпионатының екі мәрте күміс жүлдегері, Азия чемпионы Жәмила Бақбергенова, 86 кг салмақта Азия чемпионы, Қазақстанның 5 дүркін чемпионы, 2022 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азамат Дәулетбеков пен 79 кг салмақта Азия чемпионы Болат Сақаев қорғайды.


Турнирде әлемдік және қазақстандық ең мықты деген палуандардың 21 белдесуі өтеді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.