Қазақстан су спортынан бір күнде 8 алтын, 2 күміс жеңіп алды

2 525

Фото: az_olympicsФилиппин елінің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан XI Азия чемпионатының екінші жарыс күні ел қоржынына алтын жауған күн болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Нақтырақ айтсақ, құрлық біріншілігінің екінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасы 10 жүлде жеңіп алды. Оның 8-і алтын, 2-і күміс медаль.


Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

Жүзу, А тобы:

Әділбек Мусин - 100 м баттерфляй - алтын

Аделаида Пчелинцева - 50 м брасс - алтын

Софья Сподаренко - 100 м баттерфляй - алтын

Диана Тасжанова - 1500 м еркін әдіс - күміс


Жүзу, В тобы:

Арсен Қожахметов - 50 м брасс - алтын

София Абубакирова - 50 м еркін әдіс - алтын

Максим Сказобцов - 100 м баттерфляй - алтын

Ерлер құрамасы (Егор Попов, Арсен Қожахметов, Максим Сказобцов, Даниил Черепанов) - эстафета 4х100 аралас әдіс - алтын

Даниил Черепанов - 50 м еркін әдіс - күміс


Суға секіру, А тобы:

Диана Жұмағұлова/Анабелла Кочкина - тұғырдан қатар секіру - алтын


Азия чемпионатының екінші күнінен кейін Қазақстан еншісінде 21 медаль бар ( 11 алтын, 6 күміс, 4 қола).