Балалар спортына бөлінетін қаржы екі есеге ұлғаймақ

2 514

Фото: gov.kzҚазақстанда балалар мен жасөспірімдер спортына бөлінетін мемлекеттік қолдау көлемі айтарлықтай артады. Үкімет спорт мектептерін қаржыландырудың ескі жүйесінен бас тартып, тиімді модельге көшуді көздеп отыр. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ведомство балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептеріне арналған қаржыландыру жүйесін түбегейлі өзгертуді ұсынды. Министрлік әзірлеген заң жобасына сәйкес, елімізде жан басына қаржыландыру жүйесі енгізілмек.

Қазіргі сметалық жүйе бойынша мемлекет бір спортшыға жылына орта есеппен 233 мың теңге бөледі. Ал жаңа модель іске қосылған жағдайда бұл көрсеткіш шамамен 415 мың теңгеге дейін өседі. Яғни, балалар спортына жұмсалатын қаржы екі есеге жуық ұлғаяды.

Бастама балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде биыл 1 қаңтардан бастап енгізілді.

Министрліктің мәліметінше, бұған дейін сметалық қаржыландыруды сақтап келген жалғыз мемлекеттік орган – Туризм және спорт министрлігі болған. Жаңа жүйеге көшу спорт мектептерінің мүмкіндігін кеңейтіп, материалдық жабдықталу деңгейін арттыруға, жаттығу процесі мен инфрақұрылым сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Аталған бастаманы республикалық бюджеттік комиссия қолдады. Алайда жобаны толық іске асыру үшін жергілікті бюджеттерден қосымша қаржы бөлу қажет.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.