Футболдан Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңіне шыққан құрамалар анықталды

334
Футболдан Еуропа чемпионатының топтық кезеңі аяқталып, турнирдің плей-офф кезеңіне шыққан барлық құрмалар белгілі болды.
F тобынан бірінші болып плей-офф кезеңіне Франция шықса, екінші орынды Германия місе тұтты. Ал Криштиану Роналду бастаған Португалия үшінші орынмен келесі кезеңге жолдама алды.


 Ал Португалия, Франция және Германияға лайықты қарсылық көрсеткен Венгрия құрамасы екі ұпаймен жарыс жолынан шығып қалды.


 Осылайша, турнирде бақ сынаған 24 команданың 16-сы енді 1/8 финалда өнер көрсетеді. Олар: 


Уэльс - Дания (26 маусым Нұр-Сұлтан уақытымен 22:00-де)


Италия - Австрия (26 маусым Нұр-Сұлтан уақытымен 01:00-де) 


Нидерланды - Чехия (27 маусым Нұр-Сұлтан уақытымен 22:00-де)


 Бельгия - Португалия ( 27 маусым Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 01:00-де) 


Хорватия - Испания (28 маусым Нұр-Сұлтан уақытымен 22:00-де)


 Франция - Швейцария (28 маусым Нұр-Сұлтан уақытымен 01:00-де) 


Англия - Германия (29 маусым Нур-Сұлтан уақытымен 22:00-де) 


Швеция - Украина (29 маусым Нұр-Сұлтан уақытымен 01:00-де).