Париж-2024: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?
Бүгін қазақстандық спортшылар таэквондо, еркін күрес, байдарка мен каноэде есу, қазіргі бессайыс және жеңіл атлетика секілді 5 жарыс түрінен сынға түседі, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
12:00–де таэквондодан ел құрамасынан Батырхан Төлеуғали жарыс жолына шығады.
14:00–де еркін күрестен Юсуп Батырмырзаев сайысқа түседі.
15:40–та байдарка мен каноэде есуден Мария Бровков мен Руфина Ысқақова ел намысын қорғайды.
16:00–де қазіргі бессайыстан 16:00–де Георгий Борода-Дудочкин жарысады.
23:57–де жеңіл атлетикадан Дэйзи Джегкемей финалда жүлделерді сарапқа салады.