Қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутпен жеңді

303

Ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіби боксшы Жан Кособуцкий WBC белбеуін иеленді- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Кездесу Германияның Гамбург қаласында өтті. Төртінші раундта Кособуцкий қарсыласын нокдаунға жіберді. Ал бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. 

Кособуцкий WBC International Silver белбеуінің иегері атанды. Боксшы бұған дейін WBA International белбеуін жеңген еді. 

Бұл отандасымыздың 2021 жылдағы үшінші кездесуі болды. Кәсіби рингтегі он жеті жекпе-жектің он алтысын нокаутпен жеңген. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.