Елімізде сұрмергендердің турнирі басталды

371
Шымкентте сұрмергендердің халықаралық турнирі басталды, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Олар алдағы 4 күн бойы өзара мықтыны анықтайды. Ересектер мен жасөспірімдер арасындағы бәсеке бірнеше санатта өтіп жатыр. Оның ішінде мылтықпен және тапаншамен оқ ату, бұған қоса, жылжымалы нысананы көздеу бағыттары бар. 
Айта кету керек, жарыс халықаралық федерация бекіткен жаңа ережелер бойынша ұйымдастырылды. Мәселен, тек қана халықаралық дәрежедегі төрешілер қызмет етеді. Ал электронды нұсқадағы ғана нысандар қолданылады. Шымкенттегі турнирдің жалпы қорытындысы 29 сәуірде белгілі болады. 

 Қарағандыда мәнерлеп сырғанаудан балалар мен жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир басталды.Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 150-ге жуық өрен жиналды. Ең жас қатысуышы 5 жаста. Бұған қоса, қатысушылар арасында спорт шеберлігіне үміткерлер мен спорт шеберлері де бар. Олар енді 4 күн бойы өнерлерін көрсетеді. Жарысты төрешілер онлайн режимде бақылап, тиісті ұпайын беріп отырады. Әр күннің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, марапаттау рәсімі ұйымдастырылады. 

Осы арқылы басы-қасындағылар бұқаралық спорттың дамуына дүмпу беріп, болашақ чемпиондарды бала жастан тәрбиелеуге ден қойғымыз келеді, дейді.

"Бұл республикалық турнир болғандықтан, қатысушыларға түрлі деңгейдегі спорттың санаттары берілетін болады. Мәнерлеп сырғанау додасы тек жекелей сырғанау бойынша өткізіледі. Бүгін жарыстың алғашқы күні болғандықтан, ең кішкентай қатысушылардан бастап отырмыз. Олар 2017 жылғы жасөспірімдер," - деді  мәнерлеп сырғанаудан Қарағанды облысының бас бапкері Алена Куропаткина.