Отандық велоспортшылар Азия чемпионатында қоржынға алтын медаль салды

1 416

Таиландта өткен тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатында Қазақстан алтын медаль иеленді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 



Финалдық сайыста ерлер арасындағы топтық сында қазақстандық спортшы Глеб Брусенский алтын медаль иеленді. Ал Евгений Гидич екінші орын алды. Топтық сында жарыс жолының ұзындығы 156 шақырым болған. 


Қазақстан құрамасы барлығы 15 медаль жеңді. Оның ішінде 8 алтын, 4 күміс мен 3 қола медаль бар. Осылайша Азия біріншілігінде құрама үздік атанды.