Қазақстандық спортшылар шорт-тректен Әлем кубогында күміс медаль жеңіп алды

418
Қазақстандық спортшылар Монреальда өтіп жатқан шорт-тректен Әлем кубогы кезеңінде күміс медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

"Шорт-тректен Қазақстан командасы әлем Кубогі кезеңінде ерлер эстафетасынан күміс жүлдегер атанды! Бұл біздің ел үшін көптен күткен жүлде. Ерлер эстафетасында командамыз соңғы рет осыдан бес жыл бұрын, 2017 жылғы әлем Кубогінде қола медаль еншілеген болатын. Спортшылар мен жаттықтырушылар құрамын құттықтаймыз! Жарайсыздар! Тек қана алға!", - деп жазды федерацияның ресми парақшасы.

Финалда Қазақстан намысын Абзал Әжіғалиев, Нұртілек Қажығали, Әділ Ғалиахметов, Денис Никиша қорғаған. Эстафета қорытындысы бойынша Оңтүстік Корея чемпион атанса, Қазақстан күміс, Канада қола жүлдегер атанды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.