Қазақстандық спортшы Буэнос-Айресте өнер көрсетті
Қазақстандық спортшы Иван Дычко аргентиналық боксшыны жеңді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Ол аргентиналық Кевин Эспиндоламен (7-3, 2 КО) кездесті. Суперауыр салмақтағы жекпе-жек 10 раундқа есептеліп, соңына дейін созылды.
Иван Дычко төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті. Ол кәсіби спорттағы 12-інші жеңісіне қол жеткізді.
Еске салсақ, Дычконың бұған дейінгі жекпе-жегі былтыр желтоқсан айында өтті. Ол ресейлік 45 жастағы Александр Устиновпен (36-6-1, 27 КО) бақ сынасып, бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңген. Кевин Эспиндола осы жылдың сәуір айында рингке шығып, төрешілердің бірауыздан шешімімен жерлесі Науэль Паласиостадан (1-7, 0 КО) басым түскен, бұл жекпе-жек төрт раундқа есептелген.