Роналду кеткен соң әлем чемпионатының билеттері күрт арзандап кетті
Ең үлкен төмендеу Испания мен Бельгия арасындағы ширек финал матчының билеттерінде тіркелген,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.
2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде бірнеше фаворит құраманың жарыстан шығып қалуынан кейін матч билеттерінің бағасы айтарлықтай төмендеген. Журналист Джо Помплианоның мәліметінше, АҚШ, Мексика, Канада, Бразилия, Колумбия және Португалия құрамалары турнирден кеткеннен кейін билет бағалары төмендей бастаған. Ең үлкен төмендеу Испания мен Бельгия арасындағы ширек финал матчының билеттерінде тіркелді. Бұрын 3261 доллар тұрған билет енді 1223 долларға сатылып жатыр, яғни баға 62% арзандаған.
Сондай-ақ басқа ширек финалдық кездесулердің билеттері де төмендеді:
Франция – Марокко – 1485 доллардан 1097 долларға (-26%);
Норвегия – Англия – 3866 доллардан 1805 долларға (-53%);
Аргентина – Швейцария – 2381 доллардан 1400 долларға (-41%).
Португалия құрамасы 1/8 финалда Испаниядан 0:1 есебімен жеңіліп, турнирмен қош айтысқан. Криштиану Роналду бұл әлем чемпионатында үш гол соққан. Оның екеуі топтық кезеңде, біреуі плей-оффта тіркелген.
Сонымен қатар Роналду футбол тарихында алты бірдей әлем чемпионатында гол соққан алғашқы ойыншы атанған.







