ҚР Туризм және спорт министрлігі Қызылорда облысының спорт басқармасы басшысын тағайындау бойынша комиссия отырысын өткізді

2 670

Фото: Туризм және спорт министрлігіЕлордада ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен өңірлік спорт басқармаларының басшысын тағайындау бойынша комиссияның кезекті отырысы өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Отырыста Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшылығына ұсынылған төрт үміткердің кандидатурасы қарастырылды.

Атап айтқанда, Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшылығына бокстан Афины Олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаевтың, Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жігер Айекешовтің, «Қайсар» футбол клубының директоры Садық Мұстафаевтың және Астана қаласы әкімдігінің «Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған «Елорда» спорт клубы» КММ басшысы Азамат Тагаевтың кандидатурасы ұсынылды.

Жиын барысында комиссия мүшелері үміткерлердің саладағы тәжірибесі, өңір спортын дамытуға қатысты жоспарлары, сондай-ақ спорт ғылымы мен менеджмент негіздерін меңгеру деңгейіне қатысты сұрақтар қойды.

Кандидаттарды жергілікті атқарушы орган ұсынады, ал тағайындау тек Туризм және спорт министрлігі жанынан құрылған комиссияның оң қорытындысын алған жағдайда жүзеге асырылады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.