«Астана» футбол клубының директоры тағайындалды

2 628

«Астана» футбол клубының бас директоры қызметіне Саян Жақсыгелдіұлы Хамитжанов тағайындалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі «Астана» ФК сайтына сілтеме жасап.


Бұған дейін С.Хамитжановтың басшылығымен астаналық клуб бірнеше рет Қазақстан чемпионатының алтын жүлдегері атанып, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне, УЕФА Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шыққан болатын.


Саян Хамитжановтың айтуынша, ол астаналық клуб басшысы қызметін тегін атқарады.


«Біріншіден, клубтың құрылтайшыларына маған артқан сенімі үшін алғыс білдіргім келеді, бар күшімді салып, ақтауға тырысамын. Құрылтайшылармен келісім бойынша мен басшы ретіндегі міндетімді ақысыз негізде атқарамын. Өйткені футбол – өмірдегі ең басты хоббиім», – деді ол.


Клубтың бас директоры алдағы үш жылда футбол академиясы мен спорттық база құратынын нық сеніммен айтты.


«Әрине, өз инфрақұрылымымызды құру үшін мемлекет тарапынан қосымша қаржыландыру қажет. Бірақ өз кезегінде, кез келген жағдайда, қандай мәселе болмасын, біз алдағы үш жылда бұл жобаларды жүзеге асыратынымызды сенімді түрде айтқым келеді. Бізде футбол академиясы мен спорт базасы болады! «Астана» футбол клубы отандық футболдың флагманы бола отырып, барлық еуропалық стандарттарға сәйкес келетін жеке инфрақұрылымы болуына әбден лайық», - дейді С.Хамитжанов.


Саян Хамитжанов 2015-2018 жылдар аралығында аталмыш клубтың президенті болған еді. 2018 жылдың 31 желтоқсанында еңбек келісімшартының аяқталуына байланысты ол қызметінен кетті.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.