Қазақстан шаңғыдан қола жүлдегер атанды
2 657
Қазақстандық шаңғышылар Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, ерлер құрамасы 4х7,5 шақырымдық эстафетада үшінші нәтиже көрсетті. Ел қоржынына бұл медальді Константин Борцов, Наиль Башмаков, Олжас Климин және Владислав Ковалев салды.
Бірінші орынды Қытай құрамасы иеленсе, күміс жүлде Жапония спортшыларына бұйырды.