Еуропалық футбол клубы қазақстандық қақпашымен келісімшартқа отырды

2 663

Фото: kff.kzӘзірбайжандық "Сабах" футбол клубы Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Стас Покатиловты өз құрамына алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Стас Покатилов – оралдық "Ақжайық" футбол клубының түлегі. Ол алматылық "Қайрат" командасымен Қазақстан премьер-лигасының чемпионы атанып, бірнеше рет жүлдегерлер қатарынан көрінді. Сонымен қатар, "Ақтөбе" клубымен ҚПЛ-де күміс және қола медальды иеленді. Екі рет ел Кубогінің және бір рет Қазақстан Суперкубогінің жеңімпазы болды. Ресейлік "Ростов" командасының сапында ойнап, күміс жүлде алды. Былтырғы маусымда қақпашы қостанайлық “Тобыл” футбол клубының сапында ойнады.

"Сабах" – Әзірбайжанның Масазыр қаласындағы футбол клубы. Клуб 2017 жылы құрылған. Былтырғы маусымда "Сабах" ішкі чемпионатта қола жүлдені жеңіп алса, 2022/2023 жылы команда күміс медаль иеленді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.