Футболдан Бірінші лигада «Жетісай» көш басына шықты

2 527

Фото: instagram.com/ fc.jetisayФутболдан Бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің XI турында Түркістан облысының «Жетісайы» көш басына шықты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Түркістандық клуб өз алаңында Алматының «Қайрат-2» командасын қабылдады. Бірінші кезеңнің өзінде «Жетісай» қарсылас қақпасына жауапсыз 6 гол соғып үлгерді.


Екінші кезеңде алматылық футболшылар оған 2 голмен жауап қайырды.


Кездесуде түркістандық команда қарсыласын 6:2 есебімен тізе бүктіріп, турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді.


Сондай-ақ аталған турдың алғашқы ойын күнінде «Ақтөбе-2» өз алаңында «Ұлытауға» 0:3 есебімен есе жіберсе, «SD Family» «Tүркістанды» 5:0, «Хан тәңірі» «Екібастұзды» 2:1 есебімен жеңді.


Енді 14 маусымда «Ақжайық» пен «Алтай», «Қайсар-2» мен «Тараз», «Оқжетпес» пен «Каспий» кездеседі.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.