Шахматшы Бибісара Асаубаева ерекше құрметке ие болды
Қазақстандық шахматшы, үш дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева шахматтағы ең беделді жарыстардың бірі Norway Chess Women 2026 турниріне алғашқы болып шақырту алды,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Айта кетейік, Бибісара Асаубаева жуырда Катар астанасы Дохада өткен әйелдер арасындағы блиц шахматтан әлем чемпионатында топ жарған.
15 турдан тұратын жарысқа әлемнің 140 үздік шахматшысы қатысқан. Отандасымыз 11 ұпай жинап, жартылай финалға жолдама алған.
Жартылай финалда Бибісара қытайлық Чжу Цзиньэрді 3:0 есебімен айқын жеңген. Айта кетейік, Чжу Цзиньэр блиц шахматтан әлем чемпионатының қола жүлдегері. Ал финалда қазақстандық шахматшы украиналық екі дүркін әлем чемпионы Анна Музычукты 2,5:1,5 есебімен ұтып, чемпион атанған.
Айтулы жеңістен кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бибісара Асаубаеваны жеңісімен құттықтап, оны II дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады







