«Тиым салынған ешқандай зат қолданбайды!»: Жәнібектің менеджері маңызды мәлімдеме жасады
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы төңірегінде туындаған допинг дауына қатысты оның менеджері Берік Сұлтан ресми мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Берік Сұлтанның айтуынша, қазіргі таңда іске барлық профильді мамандар тартылған. Атап айтқанда, промоутер, менеджерлік команда мен заңгерлер жағдайды құқықтық тұрғыда толық бақылауға алып, мүмкін болатын шеттету мерзімін барынша қысқартуға бағытталған жұмыс жүргізіп жатыр.
Менеджердің сөзінше, В сынамасынан да дәл сол заттың анықталуы жағдайды күрделендірген. Дегенмен бұл – тергеу барысындағы аралық кезең ғана.
Айта кетейік, Әлімханұлының допинг-тестінен қолайсыз нәтиженің шығуы оның АҚШ-та 7 желтоқсанға жоспарланған, кубалық боксшы Эрисланди Ларамен үш бірдей чемпиондық белбеу үшін өтуі тиіс біріктіруші жекпе-жегінің кейінге шегерілуіне себеп болды. Тест VADA жүйесі арқылы алынған.







