Азия чемпионатының финалына бес қазақстандық боксшы жолдама алды

2 596

Фото: Қазақстан бокс федерациясы баспасөз қызметіШри-Ланка астанасы Коломбода жастар мен 22 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында 20 мамыр күні жартылай финалдық жекпе-жектер өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Осы күні рингке шыққан Қазақстан жастар құрамасының алты боксшысының бесеуі жеңіске жетіп, құрлық біріншілігінің финалына жолдама алды.

Төрт қазақстандық боксшы қарсыластарын техникалық нокаутпен мерзімінен бұрын жеңсе, тағы біреуі ұпай санымен басым түсті. Бір спортшымыз ғана Қырғызстан өкілімен болған тартысты жекпе-жекте есе жіберді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.