Елена Рыбакинадан ұтылған Соболенко көз жасын тыя алмады
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинадан WTA қорытынды турнирінің финалында жеңілген Беларусь спортшысы Арина Соболенко матчтан кейін көз жасына ерік берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Беларусь теннисшісінің эмоцияға толы сәті түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде тарап кетті. Видео кадрларында Соболенко Рыбакинаға қатысты өкпесін жасыра алмай, былай дейді:
Айта кетсек, Арина Соболенконың мұндай эмоциясын жасыра алмай, қарсыласына орынсыз пікір айтуы бұрын да болған.
2023 жылы АҚШ ашық чемпионатында (US Open) Мэдисон Кизге дәл осындай пікір білдірген.
Ал биылғы «Ролан Гаррос» турнирінің финалында америкалық Коко Гауффтан ұтылған соң, Соболенко тағы да қарсыласының жеңісін кемсіткен пікір айтқан еді:







