Қазақстандық жеңіл атлеттер халықаралық жарыстарда үш жүлдеге қол жеткізген

2 515

Фото: ҰОКҚазақстан құрамасының үш спортшысы жеңіл атлетикадан халықаралық жарыстарда жүлдегер атанған,- деп хабарлайды Оpennews.kz  ақпарат агенттігі Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Елизавета Матвеева Кипрдің Лимасол қаласында өткен EKO Cyprus International Athletics Meeting турнирінде күміс медаль жеңіп алған.

Отандасымыз биіктікке секіру сайысында 185 сантиметр нәтижесін көрсетіп, екінші орынға ие болған.

Ал Кристина Овчинникова Польшаның Белосток қаласында ұйымдастырылған Mityng na Rynku w Białymstoku турнирінде жүлдегерлер қатарынан көрінді. Қазақстандық спортшы 187 сантиметр биіктікті бағындырып, қола медаль еншілеген.

Сондай-ақ Полина Иванова Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өткен World Athletics Challenger сериясында сырықпен секіру жарысында күміс жүлдеге қол жеткізді. Ол 4,20 метр нәтижемен жарысты екінші орынмен аяқтаған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.