“Барыс“ хоккей клубына жаңа бас жаттықтырушы тағайындалды

2 163

© Вячеслав Буцаев Hcbarys.kz"Барыстың" бас бапкері қызметіне Вячеслав Буцаев тағайындалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ресейлік маман ойыншы ретінде Олимпиада және әлем чемпионы атанған, сонымен қатар Ресей және Швеция біріншіліктерінде топ жарған. Одан бөлек, ол Ұлттық хоккей лигасында 130-дан астам матч өткізген.

Вячеслав Геннадьевич ҚХЛ-да ЦСКА, "Сочи" және "Нефтехимик" командаларының бас бапкері болған. Соңғы рет жаттықтырушы "Витязь" клубында бас бапкер болып, ҚХЛ 2022-2023 жылдар маусымында команданы плей-офф кезеңіне шығарған.

Евгений Королев, Талғат Жайлауов, Олег Ромашко, Андрей Шаянов, Кирилл Легчаков пен Сергей Тамбулов "Барыс" бапкерлері құрамындағы жұмыстарын жалғастырады.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.