«Алтай» футбол командасын Вахид Масудов жаттықтырады

2 529

Фото: Kazfootball.kz«Алтай Өскемен» футбол клубының бас бапкері болып ел футболының ардагері, Қазақстан құрамасының бұрынғы жаттықтырушысы, КСРО спорт шебері - Вахид Масудов тағайындалды. Бұл туралы өскемендік клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Бапкерлік мансабын 1996 жылы «Қайрат» футбол клубында бастаған. Одан кейін қазақстандық маман «Тараз», «Атырау», «Ақтөбе», «Ордабасы», «Мақтарал» командаларын және 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасын жаттықтырған. Сондай-ақ Масудов Super bol жобасында қызмет етті», - делінген хабарламада. 


Жаттықтырушылар құрамына жергілікті мамандар, жаттықтырушының көмекшісі – Вячеслав Александрович Зинюков, дене шынықтыру жаттықтырушысы – Егор Сергеевич Скулкин, қақпашылар жаттықтырушысы – Илья Евгеньевич Байтеряков кірді. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.