«Қайрат» футзалдан 2026 жылғы Қазақстан чемпионы атанды
Алматылық «Қайрат» футзалдан 2026 жылғы Қазақстан чемпионы атанды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.
Финалдық серияның тағдырын шешкен бесінші кездесуде алматылық ұжым сырт алаңда «Семейді» 3:2 есебімен тізе бүктірді. Жеңіс голдарын Эдсон, Жулио Занотто және Біржан Оразов соқты. Осылайша «Қайрат» Қазақстанның 22 дүркін чемпионы болды.
«Қайрат» футзал клубының жаңа бас бапкері болып Густаво Парадеда тағайындалды. Густаво - клуб тарихындағы ерекше азаматтардың бірі болды. Ол 2004-2009 жылдары «Қайрат» сапында Еуропадағы алғашқы тарихи жетістіктерге қатысып, UEFA футзал кубогының қола жүлдегері атанды. Соңғы жылдары клуб жүйесінде спорт директоры ретінде қызмет атқарған. Өткен маусымда плей-офф кезеңі алдында қиын сәтте команданы қабылдап, «Қайратты» Қазақстан чемпионы атағына жеткізген.







