Головкин мен Канело арасындағы жекпе-жек қайда өтетіні белгілі болды

465

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық "Канело" Альварес арасындағы көптен күткен үшінші жекпе-жектің өтетін орны белгілі болды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Екі боксшы арасындағы жекпе-жек АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile Arena-да өтетін болды.
Қазақстандық GGG мен мексикалық шаршы алаң шебері "Канело" арасындағы үшінші жекпе-жектің болатыны туралы Сауль Альварес 23 мамырда ресми хабарланған еді. Келесі күні бұл ақпаратты Геннадий Головкиннің өзі растады.


Атышулы "трилогия" осы жылдың 17 қыркүйегінде өтпек.


Айта кетсек,  Головкин мен Альварестің алдыңғы екі жекпе-жегі де дәл осы жерде өткен болатын. Ол кездесулердің біріншісі тең нәтижемен аяқталса, екіншісінде төрешілердің шешімімен "Канелоның" бағы жанған.