Әлем чемпионы болған қазақстандық мансабын аяқтады
Қазақстандық боксшы Надежда Рябец 23 жасында спорттан кететінін мәлімдеді. “Спортшыға деген төмен қарым-қатынас жайлы” және “жүйе ішіндегі тәртіпсіздік” туралы айтқан спортшының мәлімдемесінен кейін Қазақстан бокс федерациясы да өз нұсқасын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Мансабының аяқталғанын айтқан Рябец өзінің мәлімдемесінде “өмірінің ең жарқын жылдарын жоғалтқысы келмейтінін” жеткізген.
Қазақстан футболында жеңіс үшін берілетін сыйақы мөлшері белгілі болды
Қазақстандық файтер UFC-мен келісімшартқа отырды
Рябец сөзінің соңында өзінің спортқа “тәртіп орнаған кезде” қайта оралуы мүмкін екенін айтады.
Надежда Рябецтің сөзіне пікір білдірген Қазақстан бокс федерациясы Петропавлда 2023 жылғы Спартакиаданың финалында Рябецтің Наталья Богдановаға қарсы жекпе-жегін жариялап, мынадай пікір қалдырған:
“Надежда Рябец пен Наталья Богданова арасындағы жекпе-жектің толық нұсқасы. Кесілмеген және өңделмеген. Чемпион болу үшін көп жұмыс істеу керек”.