Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы ресейлік клубқа ауысуы мүмкін

253
«Қызыл-Жар» мен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Әлібек Қасым клуб ауыстыруы мүмкін,- деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

23 жастағы футболшыға «Астана» мен Ресей премьер-лигасының «Химки» клубы қызығушылық танытып отыр.

Осы жазда Қасым Мәскеу облысы клубының қорғаныс шебін нығайтатын үміткерлер тізімінде болды, бірақ «Қызылжарға» ресми ұсыныс түспеді.

Сондай-ақ жазғы трансфер кезінде Әлібекке «Астанадан» ұсыныс түскен, бірақ футболшы маусымның соңына дейін петропавлдық клубта қалуды ұйғарған.

Өткен маусымда Қасым 25 ойын өткізіп, 7 гол соғып, қорғаушы позициясында ойнаса да, петропавлдықтардың сапында маусымның үздік бомбардирі атанды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.