Елдос Сметов 2026 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленді
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Дзюдодан Қазақстан құрамасының белді өкілі Елдос Сметов Жапонияда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда қазақ спортшысының қарсыласы – татами қожайыны, жапониялық Хаято Кондо болды.
Кездесу барысында қарсыласы екі рет нәтижелі юко ұпайын еншіледі. Осылайша, белдесу жапон дзюдошының пайдасына шешіліп, Елдос Сметов Азиада-2026 турнирінің күміс жүлдесін иеленген.
34 жастағы Елдос Сметов – Қазақстан тарихындағы ең титулды дзюдошы. Ол үш бірдей Олимпиада ойындарының медалін иеленген: Рио-2016-да күміс, Токио-2020-да қола және Париж-2024 Олимпиадасында алтын алған.
Сондай-ақ Сметовтің еншісінде әлем чемпионы атағы мен 2014 жылғы Азия ойындарының алтыны бар.
Қаз
Рус






