Токио Олимпиадасында спорттық жүрістен бақ сынаған Айман Ратова жеңіліп қалды

192
Бүгін Токио Олимпиадасында спорттық жүрістен әйелдер арасында 20 шақырымға жарысудан жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Спорттың бұл түрінен қазақстандық Айман Ратова бақ сынады.

Спорттық жүрістен Олимпиада чемпионы атағын италиялық Антонелла Пальмизано иеленді. Оның уақыт көрсеткіші – 1:29,12. Күміс жүлдені колумбиялық Сандра Лорена Арунас, қоланы қытайлық Лю Хун жеңіп алды. 

Айман Ратова 1:40,02 нәтижесімен 42-ші орынға табан тіреді. Ол чемпион атанған спортшыдан 10 минут 50 секундқа қалып қойды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.