Қазақстан құрамасы садақ атудан Азия кубогінде 3 медаль жеңіп алды

2 682

Фото:  Olympic.kzСадақ атудан Қазақстан құрамасының спортшылары Бангкокта (Таиланд) өткен Азия кубогы кезеңінде үш медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Біздің мергендер үш рет күміс жүлдеге ие болып, жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді. Барлық үш медальді блокты садақ ату жарысында жеңіп алды. 

Жекелей сында Роксана Юнусова екінші орынға ие болды.

Әйелдер командалық сайысында Виктория Лян, Роксана Юнусова және Аружан Жексенбинова күміс жүлдегер атанды.

Андрей Тютюн мен Виктория Лян аралас жұпта екінші нәтижені көрсетті.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.