Елена Рыбакина Берлинде үздік ойыншымен жолығады

2 487

Фото: instagram.com/lenarybakinaБерлинде өтетін турнирде Елена Рыбакина алғашқы айналымда әлемдік рейтингтің көшін бастап тұрған теннисшімен ойнайды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қазақстандық теннисші 17 маусым күні Германия астанасында өтетін жарыста алғашқы кездесуін өткізеді. Оның қарсыласы – WTA рейтингінде 4-орында тұрған Қытай спортшысы Чжэн Циньвэнь. Ал Рыбакина қазіргі таңда 11-сатыда орналасқан.

Турнир қарсаңында қос теннисшінің нәтижелері әртүрлі болды. Өткен аптада Рыбакина Лондонда өткен жарыста күтпеген жерден әлемнің 86-ракеткасы Татьяна Мариядан жеңіліп қалды. Ал Чжэн Циньвэнь осы жарыста жартылай финалға дейін жетіп, америкалық Аманда Анисимоваға есе жіберді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.