Танымал боксшы Әлімханұлы мен Головкинге батыл ұсыныс жасады

462
Орта салмақта WBC ұйымының «уақытша» чемпионы Карлос Адамес дивизион мықтыларына турнир ұйымдастыруды ұсынды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

«Орта салмақ боксшылары бұрынан бері эпикалық болды. Мен сол дәуірді қайтарғым келеді», – деп жазды ол Twitter желісінде.

Осыдан кейін Адамес өзге чемпиондар Геннадий Головкин (WBA Super, IBF, IBO), Жәнібек Әлімханұлы (WBO),  Джермалл Чарло (WBС), Эрисланди Лара (WBA Regular) мен WBO рейтингінде бірінші тұрған Хайме Мунгияға ұсыныс жасады.

«Орта салмақта тарихи турнир ұйымдастырайық, оның жалғастыру жауапкершілігі біздің мойнымызда. Мен ең мықтымын және оны паш етемін. Телевизия, платформа, промоутерлер алдында ақталудың қажеті жоқ, жұдырықтасқысы келген боксшы амалын табады», – деді Карлос.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.