«Қайсар» бапкері қызметінен кетті

2 506

Фото: sport12 Қызылордалық «Қайсар» футбол клубының бас бапкері Андрей Ферапонтов қызметінен кетті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

 Ресейлік маман бұл шешімді Қазақстан Премьер-лигасының кезекті турында өз алаңында Көкшетаудың «Оқжетпесіне» қарсы өткен кездесуден кейін қабылдаған. Қызылордалықтар тартысты ойында 2:3 есебімен жеңіліп қалды.

 Айта кетейік, Андрей Ферапонтов «Қайсарды» Қазақстан кубогының финалына шығарып, команда үшін маңызды нәтижеге қол жеткізген болатын. Ал клубтың келесі бас бапкері кім болатыны, «Қайсарды» финалға кім дайындайтыны әзірге белгісіз.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.