Алматы шахмат федерациясының президенті тағайындалды

436

Халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәлік Алматы шахмат федерациясының президенті болып тағайындалды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жаңа ұйым мегаполисте шахмат мәдениетін дамытпақ. 

Баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, федерация 2024 жылға дейін төрт негізгі бағытты дамытуды жоспарлап отыр.

“Ол: тұрғындар арасындағы жаппай спорт, мектеп бағдарламасындағы шахмат, жоғары нәтижелі спорт, ардагерлерді қолдау”, – деді Жансая Әбдімәлік. 


Жоғары нәтижелі спортты дамыту аясында балалар-жасөспірімдер спортын қолдау, 8 және 18 жас аралығындағы спортшылардан Алматы құрамасын құру, Қазақстан, Азия, әлем чемпионаттарынан, сондай-ақ, 16 жасқа дейінгі балаларға арналған Олимпиададан жүлделі орын алу маңызды міндеттердің бірі болып табылады.

"Әрине, басты мәселелердің бірі қаржылай қолдау табу болып табылады. Себебі ақшасыз спорт федерациясының қызметі күрделенеді. Алматы шахмат Федерациясы кәсіби спортшылар мен шахматты сүюшілерге ең жақсы жағдай жасау мақсатында   демеушілермен серіктестік орнату үшін  әрдайым есігіміз ашық", - деді 22 жастағы президент.  
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.