“Қайрат” “Интерден” 2:1 есебімен жеңілді

2 524

Фото: Қайрат ФКЧемпиондар лигасының 4-турында алматылық “Қайрат” клубы сырт алаңда  Джузеппе Меацца стадионында “Интерге қарсы матч өткізді. Матч 2:1 есебімен “Интердің” пайдасына аяқталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ойын алғашқы минуттан-ақ қарқынды басталды. Тартысқа толы матчта “Интер” алматылық клубтың қақпасына бірнеше мәрте қауіп төндіріп, Темірлан Анарбеков қақпаны голдан аман сақтап қалды.

Қайраттықтар да қарсы шабуылдар жасап, осал тұсын табуға тырысты. Алайда “Интердің” қорғанысын бұза алмады. Ал бірінші таймның 45-минутында “Интер” сапынан Лаутаро Мартинес есеп ашып, командасын алға шығарды.

Нәтижесінде екінші таймның 55-минутында “Қайраттың” капитаны Офри Арад баспен соққы жасап, таразы басын теңестірді.

Дегенмен көп ұзамай “Интер” құрамасынан Карлос Аугусто “Қайрат” қақпасына соққы жасап, командасын алға шығарды. 

Осылайша “Интер” мен “Қайрат” арасындағы ойын 2:1 есебімен италиялық клубтың пайдасына аяқталды.