Бүгін Қамшыбек Қоңқабаев пен Санатәли Төлтаев әлем чемпионатының сынына түспек

1 502

Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының төртінші күнінде отандастарымыз рингке шықпақ, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бүгін, яғни 4 мамырда қазақстандық екі былғары қолғап шебері шаршы алаңға шығады.


Елорда уақытымен 14:00-де басталатын күндізгі сессияда 1/16 финалда Санатәли Төлтаев (63,5 келі) Маврикий елінен келген Ришарно Колинмен қолғап түйістіреді.


Олардың жекпе-жегі Б рингінде оныншы болып тіркелген.


Ал кешкі сессия елорда уақытымен 19:00-ге белгіленген.


Бұл сессияда Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) ресейлік Алексей Дроновпен А рингінде он үшінші жұпта сынға түседі.


Айта кетсек, Қазақстан құрамасында 3 мамырда Талғат Сырымбетов (60 келі) қарсыласына есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.


Ал Айбек Оралбай (92 келі) және Сағындық Тоғамбай (86 келі) алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.