Мейіржан Шермаханбет Қазақстан кубогының чемпионы атанды

2 672

фото: olympic.kzӘлем чемпионатының қола жүлдегері және Азия чемпионы Мейіржан Шермаханбет Таразда күрес түрлерінен өтіп жатқан Қазақстан Республикасының кубогында топ жарды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл ретте грек-рим күресінің шебері 67 келіде бақ сынап, қарсыластарының бәрінен басым түсті.

Ол жартылай финалда былтырғы ҚР кубогінің финалисі Мерей Бекеновке қарсы күресіп, тартысқа толы өткен белдесуде 7:6 есебімен жеңіске жетті. Ал финалда астаналық Бағдат Сабазды айқын басымдықпен ұтты.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.