Елімізде жазғы Олимпиада ойындары тікелей эфирде көрсетілетін болды

345
Бүгін Токиода бастау алатын XXXII Жазғы Олимпиада ойындары елімізде тікелей эфирде көрсетіледі. 

"XXXII Жазғы Олимпиада ойындарының трансляциясына қатысты жапониялық "Dentsu Inc." компаниясымен келіссөздердің нәтижелі аяқталғанын хабарлаймыз.


"Қазақстан" телерадиокорпорациясы мен "Хабар" агенттігі" АҚ ел аумағында Токио Олимпиадасын және 2022 жылғы Пекинде өтетін Қысқы Олимпиада ойындарын көрсету құқығын иеленді. Келісімшарт қорытындысы бойынша трансляция құнын қолайлы бағада сатып алу туралы ортақ мәмілеге қол жеткізілді. 


Қазақстандықтар 23 шілде мен 8 тамыз аралығында Токиода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарын "Qazaqstan", "Qazsport" және "Хабар" телеарналарынан тікелей эфирде көре алады", - деп мәлімдеді "Қазақстан" РТРК" АҚ. 
 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.