Месси ресми түрде ПСЖ клубына ауысты

304
Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси ресми түрде франциялық "Пари Сен-Жермен" (ПСЖ) клубына ауысқанын клубтың Twitter желісіндегі парақшасына жариялады.

Мессимен келісімшарт 2+1 жүйесінде жасалған. Яғни келісімшарт мерзімі - екі жыл, бірақ оны кейін тағы бір жылға ұзартуға болады. 

Жаңа ойыншы командаға 11 тамыздағы баспасөз мәслихатында таныстырылады. Шара "Парк де Пренс" стадионында өтеді. 
Месси командада талантты ұжым мен бапкерлік штаб жиналғанын айтты. 

"Карьерамдағы жаңа бөлімімді ПСЖ-да бастағаныма қуаныштымын. Алаңға шығар сәтті тағатсыздана күтіп жүрмін", - деді аргентиналық спортшы.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.