Қазақстандық командада ойнайтын өзбекстандық ойыншыға 11,5 млн айлық төленбек

391
Қостанайлық «Тобыл» командасында ойнайтын өзбекстандық футболшы Игорь Сергеев күніне 383 мың теңге жалақы алады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Бұл туралы журналист Аслан Қаженов
Facebook парақшасында мәлім етті.

“Негізі бұндай ақпараттар өте құпия сақталады. Бірақ, дәл осы жігіттің жалақысы байқаусызда жарияланып кетті және ол 300 мың АҚШ долларын құрайды. Ұлттық валютаға шаққанда – 138 миллион теңге. Яғни, ай сайын 11,5 миллион, ал, күн сайын 383 мың теңге алады деген сөз. Мейлі ойнап жатсын, ойнамай жатсын, демалып-ұйықтап, білгенін істеп жатсын, осындай жалақы жүре береді. Қостанайда басқа проблема жоқ. Мәселенің бәрі реттеліп, тек келімсектерге ақша шашу ғана қалыпты...”, – деп жазды журналист.


Айта кетейік, Қостанай облысының әкімдігі «Тобыл» футбол командасына 1,2 млрд теңге бөлген болатын.