Жылдың үздік спортшылары анықталды
Елордада ҚР Туризм және спорт министрлігінің дәстүрлі "Үздік-2025" марапаттау рәсімі өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Шара барысында спорт саласындағы жыл үздіктері анықталып, арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Жылдың үздік спортшылары:
• Алуа Балқыбекова – бокстан екі дүркін әлем чемпионы
• Айдос Сұлтанғали – грек-рим күресінен 26 жылдан кейін әлем чемпионатының жеңімпазы
• Файна Мейірманова – жеңіл атлетикадан Сурдлимпиада ойындарының чемпионы
Жылдың үздік жаттықтырушылары:
• Долкунжан Камеков – Алуа Балқыбекованың бапкері
• Ғабиден Райымбек – Айдос Сұлтанғалидың бапкері
Спортта үздік серпін:
• Дастан Сәтпаев ("Қайрат" клубының ойыншысы)
Жастар мен жасөспірімдер арасындағы үздік спортшы:
• Ақмарал Ерекешева – көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы
• Дінмұхаммед Раймқұлов – фристайл-акробатикадан тарихи әлем чемпионы
• Ксения Прозорова – ауыр атлетикадан әлем чемпионы
Жылдың үздік спорт федерациясы:
• Қазақстан бокс федерациясы (2024 жылы 4 әлем чемпионатына қатысып, 13 алтын медаль жеңіп алды)
Спорттағы үздік өңір:
• Қызылорда облысы (қалада 11 мың көрерменге арналған футбол стадионы ашылды)
Жылдың үздік спорт ұйымы:
• Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Ұлттық және ат спорты түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясы"
Ауылдық жердегі үздік спорт нұсқаушы:
• Сержан Баденов (Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы)
Аудандық үздік дене шынықтыру және спорт бөлімі:
• Қарқаралы ауданы (Қарағанды облысы, "Bugyly Trail" халықаралық жүгіріс ұйымдастырылды)
Жылдың үздік ауыл жаттықтырушысы:
• Владимир Шалыгин (Қостанай облысы, шаңғыдан бапкер)
Дене шынықтыру және спорт саласындағы үздік маман:
• Мейрам Нуртазин (Астана қаласы)
Жылдың үздік балалар жаттықтырушысы:
• Хислат Мамметов – әйелдер күресінен U17 санатындағы әлем чемпионы Мадхия Усманованы тәрбиеледі
Ауылдық жердегі үздік дене шынықтыру әдіскері:
• Алтынбек Сарбупин (Ақтөбе облысы)
Сейдахмет Бердіқұлов атындағы үздік спорт журналистері:
• Азат Смағұлов, Әсел Әбілбек, Тұран Қазанға







