Қазақстандық шахматшы Бундеслигасының чемпионы атанды

403
Алматы шахмат федерациясының президенті Жансая Әбдімәлік әйелдер Бундеслигасында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

«Достар, мен Бундеслигада атынан қатысқан OSG Baden-Baden командасы мерзімінен бұрын жеңіске жетті. 9-турда біз басты қарсылас – SK Schwäbisch Hall командасына қарсы ойнадық. Бұл – шешуші ойын болды! Біз 2 ½: 3 ½ есебімен жеңдік», – деп жазды Жансая Әбдімәлік.

Шахматшының айтуынша, OSG Baden-Baden командасы соңғы рет 2018 жылы лига чемпионы болған.

«Осылайша, біздің клуб рекордты түрде 12 рет Бундеслига жеңімпазы атанды!» – деді ол.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.