Қазақстан хоккей құрамасы олимпиадада жеңіске жетті

2 596

Фото: Ашық дерек көзіКанвон қаласында (Оңтүстік Корея) Австрия мен Қазақстан құрамалары арасында 3х3 хоккей турнирінде үшінші орын үшін кездесу өтті,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Кездесудің нәтижесі 6:5 (1:4, 2:1, 2:1) есебімен қазақстандық спортшылардың жеңісі болды. Осылайша олар Жастар ойындарының қола жүлдегері атанды.  Алтын үшін финалдық кездесу Латвия мен Дания құрамалары арасында өтеді.

Енді 2024 жылы Канвонда өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстанның медаль қоржынында үш жүлде бар: бір алтын және екі қола. Ойындар 1 ақпанға дейін жалғасады.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.