Алан Құрманғалиев халықаралық жарыста алтын медаль жеңіп алды

421
15 жастағы қазақстандық спортшы Алан Құрманғалиев үстел теннисінен халықаралық додада жеңіс тұғырынан көрінді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

 Чехияның Гавиржов қаласында үстел теннисінен «WTT Youth Contender» кезеңі бойынша халықаралық жарыс өтіп жатыр. Аталған әлемдік бәсекеге 30 елден 11, 13, 15, 17 және 19 жасқа дейінгі спортшылар қатысуда.


15 жастағы теннисшілер арасында Алан Құрманғалиев алдымен кіші топта бірінші орын алса, 1/16 финалда Равад Альнасерді (Катар) 3:1, 1/8-де Марсель Блашчикті (Польша) 3:0, ширек финалда Михаил Ловга (Украина) 3:0, жартылай финалда Жоана Величкованы (Болгария) 3:1 айқын басымдықпен ұтты. Ал финалда отандасымыз Жапониялық спортшы Казуки Йошияманы 3:1 (11:8, 11:13, 11:4, 11:7) есебімен жеңіп, есесін қайтарды.

 Айта кетерлігі, Алан Құрманғалиев 27 мамырда өткен халықаралық бәсекенің финалында Казуки Йошиямамен кездесіп, есе жіберген болатын.  

Сондай-ақ, үлкен жасөспірімдер санаты бойынша сынға түскен Санжар Жұбанов, Искандер Харки, Сағантай Құрмамбаев топтық кезеңнен өтіп, жарыстың 1/32 финалында тоқтады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.