«Крылья Советовтың» директоры Айымбетовтың командадағы «тағдыры» жайлы айтты

313

Фото: Prosports.kz.«Крылья Советов» клубының бас директоры Дмитрий Галямин қазақстандық шабуылшы Абат Айымбетовтың командаға әлі қажет екенін айтты.

- Көшбасшы ойыншыларға сұраныс бар екенін білесіздер. Олар қыста-ақ командадан кетуі мүмкін еді. Сондықтан біз ертерек ойланып, олардың орнын басатын ойыншыларды табуымыз керек болды.

Команданың көшбасшы ойыншылары жазда кетуі мүмкін. Сондықтан қыста келген футболшылар әлі де командаға керек болады. Өйткені олардың бәрі сапалы ойын көрсететін, болашағынан үміт күттіретін футболшылар.

Мысалы, Айымбетов – салыстырмалы түрде әлсіз емес Қазақстан құрамасының ойыншысы. Біз оны жалға бердік, бірақ ол әлі біздің клубқа тиесілі, - деді Дмитрий Галямин ФАН басылымына берген сұхбатында.
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.