Кәсіпқой боксшы туған қаласында спорт мектебін ашты

434

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов (12-0, 10 КО) Түркістан облысы Жетісай қаласында бокс мектебін ашты- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі sports.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ашылу салтанатына Жетісай ауданының әкімі Мұрат Болатұлы мен Жетісай қаласының әкімі Тұрышбек Елшібаев қатысқан.

Екі қабатты ғимараттың жалпы ауданы 1 200 шаршы метрге тең. Спорт кешені барлық қажетті құрылғылармен жабдықталған. Бокс залында бір уақытта 50 спортшы жаттыға алады. Сонымен қатар мектепте боксқа жаңадан келгендер мен кәсібилер де дайындалуына болады. Алдағы уақытта спорт кешенінде ірі жарыстар өткізу жоспарланған.

"Ең алдымен, мені қолдаған жерлестеріме алғысымды білдіргім келеді. Бала күннен бергі арманым елімде жасөспірімдер жаттыға алатын бокс мектебін ашу болды. Біздің мақсатымыз – бұл залда Жетісайды әлемге танытатын чемпиондарды дайындау. Сонымен қатар спортпен шұғылдануға жағдай жасап, тұрғындар арасында салауатты өмір салтын дәріптеу, адамдар өмірін жақсарту болды"" - деді Садриддин Ахмедов.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.