"Ақтөбе" ФК басшысы өзі алатын жалақы мөлшерін ашып айтты
279
"Ақтөбе" ФК басқарма төрағасы Ерлан Жамантаев футбол белсенділерімен кездесу өткізді. Бұл жерде клубтың қаржылық жағдайына қатысты сұрақтар көтерілді. Басшы өзінің жалақысының мөлшерін де жариялады .
Ерлан Жамантаевтан оның жалақысы қанша екенін сұрады. Басшы сұраққа ашық жауап берді.
"Мен жасырмаймын. Менің жалақым 400 мың теңге. Барлық шегерімдерді қоса алғанда, 364 мың теңге аламын", – деді Ақтөбе ФК басшысы.
Ерлан Жамантаев 2021 жылдың мамыр айының соңында футбол клубының басқарма төрағасы болып тағайындалды.
Әлемдік футбол жаңалықтарына келсек, "Барселонаның" ресми сайты таратқан ақпаратқа сәйкес, клуб Мессимен жаңа келісімшарт бойынша келісімге келген, алайда Ла Лига ережелері келісімді ратификациялауға мүмкіндік бермепті.
"Бұндай жағдайда Месси "Барселона" ойыншысы болып қалмайды. Ойыншының да, клубтың да қалағаны орындалмай қалуы қос тарап үшін өкінішті жайт болып отыр", – делінген хабарламада.