"Әр күні мені қолдап келеді"

324

Өткен жылдың соңында шаңырақ көтерген боксшы Сәкен Бибосынов жұбайын көпшілікке таныстырды, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Токио олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен Бибосынов желтоқсан айының 13-і күні үйленді. Ол отау құрмас бұрын отбасымен қатар, бапкерінің ақ батасын алғанын атап өтті. Сондай-ақ, өмірлік жарын таныстырды. 

"Ақ некелі жарымның есімі - Нәзира. Үлкен өмірге бірге қадам басқан жарыммен 2017 жылы алғаш танысқан болатынмын. Нәзира алғаш танысқан кезден бері әр күні мені қолдап келді. Содан бері екеуміз өмірдің қиындығында, қуанышында бірге еңсеріп келе жатырмыз. Тәуелсіз елімнің бірден бір үлгілі отбасы болуымызды Аллам нәсіп етсін. Барша құттықтаған жандарға мыңнан бір алғыс. Алла разы болсын", - деп жазба қалдырды боксшы желідегі парақшасында.
 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.