Қазақстандық спортшы Әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанды

2 503

Қазақстан ұлттық құрама спортшысы Жанбота Алдабергенова Финляндияның Рука қаласында өткен фристайл-акробатика мен могулдан Әлем кубогінің алғашқы кезеңінде үздік үштікті түйіндеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Спортты дамыту дирекциясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Әлем кубогінің алғашқы кезеңінде фристайлдың акробатика түрінде өнер көрсеткен Жанбота финалда 77.43 балл жинап, қола жүлдегер атанды.

 Қазақстандық спортшы тура бір жыл бұрын Рукада өткен 2022-2023 жылғы маусымдағы Әлем Кубогінің алғашқы кезеңінде де қола алған болатын. Ол кезде Алдабергенова 80.04 ұпай жинады. 

Ал 2021 жылы дәл осы сында күміс жүлдеге ие болды. Жалпы Рука қаласы биыл FIS-тің фристайл маусымын қатарынан 14-рет бастап берді. Алтынды Бейжің Олимпиадасының (аралас командалық сын) қола жүлдегері канадалық Марион Тено жеңіп алса, күмісті Даниэль Скот еншіледі. Аустралиялық осыған дейін әлем чемпионатында 2 мәрте күміске ие болғанын айта кетейік.

Жанбота Алдабергенова 2022-2023 жылғы маусымда Әлем чемпионатын алтыншы орынмен аяқтады