"Октагонға әзір оралмаймын": Шавкат Рахмонов аяғына ота жасатқан

2 525

Фото: UFSҚазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың әлеуметтік желіде балдақпен жүрген видеосы таралып, жанкүйерлердің алаңдаушылығын тудырған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Кейін белгілі болғандай, спортшы аяғына ота жасатқан. Бұл туралы Шавкат Рахмоновтың өзі әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеп, әзірге октагонға оралмайтынын айтқан.

"Жауынгердің жолы ешқашан оңай болмайды. Өмір бізге түрлі сынақтар береді. Әсіресе, денсаулықты бағалай білу керек. Жарақатыма байланысты тағы бір операция жасаттым. Енді толық қалпыма келуім үшін уақыт қажет. Сондықтан әзірге октагонға оралмаймын. Мұны қабылдау, әрине, қиын. Бірақ әрбір сәтсіздік үлкен жеңістердің бір бөлігі екеніне сенемін. Мен бұрынғыдан да қайратты, ақылды әрі аш болып ораламын. Мақсатым өзгермейді, ол – UFC белбеуін Қазақстанға әкелу. Қандай жағдай болмасын, менімен бірге болған жандарға алғыс айтамын", – деп жазды Шавкат Рахмонов.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.